«38 минутқа созылған». Әлемдегі ең қысқа соғыс туралы не білесіз?

cover Сурет: novate.ru

Адамзат тарихында әртүрлі себептермен болып, миллиондаған адамдардың өмірін қиған соғыстардың бірі 40 минутқа ғана созылып, рекорд орнатқан.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Тарих төңкерістер мен тәуелсіздік жолындағы күрестерден бастап территориялық дауларға дейін көптеген әскери қақтығыстарды көрді. Бұл соғыстардың ішіндегі ең ұзақ болғаны – Нидерланды мен Силли архипелагы арасындағы 335 жылдық соғыс. Тарихта «ең қысқа шешуші шайқас» ретінде із қалдырған тағы бір соғыс –Мохач шайқасы.

1896 жылы Ұлыбритания мен Занзибар арасында басталған соғыс небәрі 40 минутқа созылды. Ағылшын отарлаушылары мен Занзибар сұлтандығы арасындағы бұл соғыс тарихқа әлемдегі ең қысқа соғыс ретінде енді.

Екі тарап арасында қандай мәселе туындады, олар 40 минут бойы не үшін шайқасты және бұл соғыс неге тез аяқталды?

1890 жылы Ұлыбритания мен Германия арасында жасалған келісім бойынша Шығыс Африкадағы стратегиялық маңызы бар Занзибар аралы Британ империясының ықпалында болды.

1896 жылы 25 тамызда Занзибар сұлтаны Хамад ибн Тувейни қайтыс болғаннан кейін, Халид ибн Баргаш сұлтан болды. Баргаш Британ отарынан құтылып, тәуелсіздік жариялап, өзінің империясын құрғысы келді. Таққа отырған Баргаштың қасақана әрекеттері билікті алаңдата бастайды.

Ұлыбритания Баргашты тақтан кетіру үшін оған қысым жасай бастады. Баргаш тақтан кеткісі келмеді.

Баргашты тақтан бас тарту туралы талабын орындауға мәжбүр еткісі келген ағылшындар Занзибарга соғыс ашты. 27 тамызда Занзибар портына жақындаған британдық бес кеме кез-келген сәтте оқ атуға дайын болды.

Соғыс қимылдарының басталуымен Занзибардың теңіз күштері батып кетті, жағалаудағы әскерлер талқандалды. Осылайша, ағылшындар 40 минуттың ішінде Баргаш империясын жеңіп шығады. Мінеки, бұл соғыстың тарихтағы «ең қысқа уақыттағы соғыс» деп аталу себебі осындай.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар