Аяқдоп ойнау да оңай емес

Қостанай таңы, 2013 жылы, 26 ақпан (№ 22)

26.02.2013Бірнеше күн бойы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен алғашқы әскери даярлықтың оқу-әдістемелік орталығының спорт залдарында өңірлік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен футзал бойынша жарыс өтті. Бұл футзал облыстық қысқы спартакиада бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оған облысымыздың жиырма өңірінен келген мектеп және колледж оқушыларының он сегіз командасы қатысты. Спорт мамандарының айтуынша, бүгінде жастар, оқушылар тіпті ересектер арасында осы ойын түрімен ойнаушылардың қатары көбейе түсуде екен. Футзалдың салтанатты ашылуында өңірлік дене тәрбиесі орталығының директоры А. Сухачев, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі И. Сивохин сөйлеп, футзал қатысушыларына жарыс барысында шеберлік пен сәттілік, жігерлік пен күш-қайрат тіледі, өз денесін шынықтырып, салауатты өмір салтын насихаттау қай-қайсысымыздың болмасын өз қолымызда екенін жеткізді.

Бірнеше күн бойы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен алғашқы әскери даярлықтың оқу-әдістемелік орталығының спорт залдарында өңірлік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен футзал бойынша жарыс өтті. Бұл футзал облыстық қысқы спартакиада бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Оған облысымыздың жиырма өңірінен келген мектеп және колледж оқушыларының он сегіз командасы қатысты. Спорт мамандарының айтуынша, бүгінде жастар, оқушылар тіпті ересектер арасында осы ойын түрімен ойнаушылардың қатары көбейе түсуде екен. Футзалдың салтанатты ашылуында өңірлік дене тәрбиесі орталығының директоры А. Сухачев, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі И. Сивохин сөйлеп, футзал қатысушыларына жарыс барысында шеберлік пен сәттілік, жігерлік пен күш-қайрат тіледі, өз денесін шынықтырып, салауатты өмір салтын насихаттау қай-қайсысымыздың болмасын өз қолымызда екенін жеткізді.

СУРЕТТЕ: жарыс барысынан көрініс.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

Наши координаты

110000, г. Костанай, ул. Тәуелсіздік, 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Мы в социальных сетях

Вы здесь: Главная Библиотека СМИ о нас Аяқдоп ойнау да оңай емес