Беттегі пигментті дақтар: бұл не, себептері, қалай құтылуға болады

Терінің пигментациясы - кең таралған косметологиялық мәселе. Әдетте, пигментті аймақтар өздігінен ешқандай қауіп төндірмейді, бірақ көптеген адамдар эстетикалық себептермен реңді біркелкі тегіс етуді қалайды. Неліктен қара дақтар пайда болатынын, олармен қалай күресуге болады және олардың алдын алу үшін не істеу керек екенін айтатын боламыз.

Пигментті дақтар дегеніміз не

Түсі негізгі реңктен ерекшеленетін тері аймақтары пигментті дақтар деп аталады. Олардың пайда болуы қалыпты жағдай және әдетте қорғаныс механизмдеріне байланысты пайда болады. Барлық теріде ультракүлгін сәулелерді сіңіретін табиғи пигмент, меланин бар. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен пигментті жасушалар белсендіріледі, меланин эпидермистің терең қабаттарынан беткі қабатқа өтіп, ағзаны ультракүлгін сәулеленуден қорғайды.

Меланиннің артық бөлінуіне байланысты денеде қарайған жерлер пайда болады, ал жетіспеуіне байланысты, керісінше, ақшыл дақтар пайда болады. Олар әртүрлі көлемде, пішінде және түстерде болуы мүмкін. Бұл туралы төменде толығырақ айтатын боламыз.

Пигментті дақтардың қандай түрлері бар

Міне, адам терісіндегі қара түсті бөліктерінің ең көп таралған түрлері:

  • секпілдер;
  • хлоазма;
  • меңдер;
  • жас ұлғаю пигментациясы.

Секпілдер

Веснушки

Секпілдер көбінесе ақшыл тері, сарғыш немесе қызғылт шаш иелерінде кездеседі. Дегенмен, пигментацияның бұл түрі әртүрлі келбеттегі адамдарда пайда болуы мүмкін. Секпілдердің негізгі белгілері:

  • көптеп пайда болу;
  • шағын өлшемді және дөңгелек пішінді;
  • сарғыш немесе алтын реңк;
  • бүкіл денеде ашық жерлерде, соның ішінде иық пен кеуде тұсында пайда болады.

Әдетте, секпілдер күн шуақты мезгілде ғана байқалады - олар күнге күйюден қараяды, ал қыста олар толығымен немесе біртіндеп жоғалады.

Хлоазма

Пигментные пятна

Хлоазма - көбінесе бетте пайда болатын үлкен пигментті дақ. Оны келесі белгілер арқылы тануға болады:

  • әртүрлі реңктегі қоңыр түсті- ашық қоңырдан кою қоңырға дейін;
  • тегіс емес жиектер.

Пигментті аймақтар бөлек немесе бір үлкен дақты құрап бір жерде топтасуы мүмкін. Егер секпілдер тек күннің әсерінен пайда болса, онда хлоазманың пайда болуы басқа себептермен байланысты және әдетте гормоналды мәселелердің барын білдіреді.

Меңдер

Родимые пятна

Меңдер - пигментті дақтарының ең көп таралған түрі. Олар әртүрлі түстер мен өлшемдерде кездеседі, бүкіл денеде орналасады және уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Кейбір адамдарда меңдер туа біте пайда болады, басқаларында уақыт өте келе шығады.

Меңдер әдетте қиындық тудырмайды және оларды жоюдың қажеті жоқ. Жоюдың негізгі практикалық көрсеткіші оның ыңғайсыз жерде орналасуы, соның салдарынан мең жиі жарақаттанады. Кейбіреулер эстетикалық себептермен меңдерден арылуды шешеді.

Жас ұлғаюдағы пигментті дақтар

Возрастные пигментные пятна

Жас ұлғаюмен қатар көптеген адамдарда әртүрлі жерлерде пигментті аймақтар пайда болады, көбінесе ашық жерлерде - қолдарда, аяқтарда, бетте, мойында және кеуде тұсында. Әдетте әйелдерде дақтардың ұлғаюды менопаузадан кейін, ағзада гормоналды өзгерістер орын алған кезде дамиды.

Жас ұлғаюдан пайда болатын пигментация терінің түріне және түсіне байланысты емес, яғни аққұба адамдарда жиі немесе қарқынды түрде пайда болады деп айтуға болмайды. Жас ұлғаюындағы пигментті дақтардан қорғанудың негізгі жолы – оның алдын алу, ол жайлы төменде талқылаймыз.

Не себепті пигментті дақтар пайда болады

Генетика

Кейбір адамдарда меңдер өте көп, басқаларында аз болады. Кейбіреулердің терісі секпілге бейім, басқалары бейім емес. Себебі, көп жағдайда тұқым қуалаушылық фактор шешуші рөл атқарады. Кейде туыстарда да бірдей мең болады.

Күн сәулесі

Күн сәулесінің әсері теріде қара пигменттің пайда болуын тудыратын негізгі сыртқы фактор болып табылады. Тіпті негізгі себеп генетика немесе гормондар болса да, бұл күннің теріге пигментация процесін тудыратын әсері.

Ультракүлгін сәуле теріні зақымдайды, нәтижесінде пигментті жасушалар белсендіріледі, олар зақымдалған жерлерге бағытталады. Артық өндірілген меланин беткі қабатқа біркелкі таралып үлгермейді, ал эпидермистің кейбір бөліктері басқа реңкке ие болады.

Экология жағдайы

Қоршаған орта дененің жалпы тонусына, демек, теріге де әсер етеді. Ауаның ластануы көбінесе жасушалық деңгейде тотығу стрессіне, прооксиданттар мен антиоксиданттар арасындағы теңгерімсіздікке әкеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, жасушаларда оттегі жетіспейді, соның ішінде эпидермис жасушаларына. Осы себепті барлық жасушаішілік процестер баяулайды және ультракүлгін сәулеленумен күресу қиынырақ болады. Бұл шуақты маусымда пигментацияны тудыруы мүмкін.

Гормоналды фон

Терінің жасушаішілік процестері негізінен гормондарға байланысты. Пигментті жасушалардың жұмысына жыныстық гормондар (прогестерон және эстроген), сондай-ақ кейбір гипофиз гормондары әсер етеді.

Секпілдердің және басқа да пигменнті дақтардың пайда болу қаупі келесі жағдайларда артады:

  • жүктілік және емізу кезінде;
  • менопауза кезінде;
  • гормоналды препараттарды қабылдау кезінде;
  • эндокриндік жүйенің мәселелері кезінде;
  • жыныстық жетілу кезінде.

Секпілге генетикалық бейімділігі бар әйелдерде олардың пайда болуы етеккір циклінің фазасына байланысты болуы мүмкін.

Косметикалық процедуралар

Теріге механикалық және химиялық әсер ету қара дақтарының пайда болуын ынталандыруы мүмкін. Дәл осы себепті жазда пилинг жасауға кеңес берілмейді.

Пилинг кезінде эпидермис зақымдалады, оның ультракүлгін сәулелерден қорғануы қиындай түседі. Егер сіз осындай процедурадан кейін күнге шықсаңыз, тері меланинді көбірек өндіруге мәжбүр болады және пигментация қаупі әлдеқайда жоғары болады.

Сонымен қатар пилингтер пигментті аймақтарды ағарту үшін сәтті қолданылады. Процедурадан бұрын қарсы нәтиже алмау үшін мұқият сараптамадан өту маңызды.

Пигментті дақтардан қалай арылуға болады

Косметика

Косметикалық құралдар* - мамандардың көмегіне жүгінбестен үй жағдайында тері реңкін теңестірудің негізгі жолы. Олар сонымен қатар косметологиялық процедураларды толықтыра алады.

Тері – біртұтас теңдестірілген жүйе, сондықтан оған жан-жақты күтім жасау керек. Бір уақытта үш бағытта жұмыс істейтін Пигментацияға қарсы ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ №9 Промо-жиынтығын ұсынамыз:

  • теріні ағартады;
  • реңді біркелкі түзейді;
  • нығайтады.

Жиынтық базадан және үш концентраттан тұрады. Ағартқыш және тегістегіш өнімдер ARTISTRY SIGNATURE SELECT™ нығайтатын концентратпен бірлестірілген. Оның құрамында терінің жұмсақтығы мен серпімділігін қалпына келтіруге, бет контурын тегістеуге көмектесетін өсімдік көздерінен алынған фитонутриенттер бар.

Косметология

Косметологияда терінің түсін тегістейтін көптеген процедуралар бар. Оларды үш үлкен топқа бөлуге болады:

  • пилингтер;
  • инъекциялар;
  • лазерлік әдістер.

Ең көп таралған әдіс - пилинг курсы. Олар химиялық, механикалық және аппараттық болады. Жеңіл химиялық пилинг терең орналаспаған дақтарымен жақсы жұмыс істейді. Дермистің терең қабаттарына механикалық әдіс әртүрлі мәселелерді, соның ішінде тыртықтарды жеңе әсер етеді. Аппараттық пилинг, басқалармен қатар, жасқа байланысты өзгерістермен күресу үшін қолданылады. Нақты әдіс тек тексеруден және сараптамадан кейін анықталады.

Мезотерапия және биоревитализациялау сияқты инъекциялық әдістер әртүрлі мәселермен, соның ішінде майда әжімдермен, безеулермен және пигментациямен күресу үшін кешенді тәсілдің бөлігі ретінде қолданылады. Бұл қымбат әдістер және олар әрқашан қолданыла бермейді.

Кейбір жағдайларда басқа әдістер көмектеспесе, лазер қолданылады. Ол терең пигменттік дақтармен күреседі және әдетте басқа әдістермен бірге қолданылады.

Алдын алу шаралары

Негізгі алдын алу шарасы - күннен қорғау. Пигментацияның себебі гормоналды бұзылулар болса да, эпидермис ультракүлгін сәулеленумен әрекеттескенде ғана пигмент белсенді болады. Көшеге шықпас бұрын күннен қорғайтын крем қолданыңыз, әсіресе секпілдерге бейімділігіңіз болса.

Күннен қорғайтын кремді немесе лосьонды таңдағанда, қорғаныс деңгейін көрсететін SPF сүзгісінің мәніне назар аударыңыз. Тері қалыпты күнге күйетін болса, әдетте SPF 30 жеткілікті. Күнге жиі «күйіп кететіндер» үшін SPF 50 бар өнімдерді таңдаған жөн.

ARTISTRY SKIN NUTRITION™ Күннен қорғайтын SPF 30 сүзгісі бар лосьонды байқап көріңіз. Оның құрамында теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, ылғалдандыратын және ішінен күшейтетін табиғи ингредиенттер бар. Ацерола шие, австралиялық түймедақ және қаражидек сығындылары бар фитокомплекс жасушалардың қалыпты жұмысын сақтауға көмектеседі, ақ чиа тұқымының сығындысы теріні нәрлейді, анар тыныштандырады және нығайтады, фотоқартаюдың алдын алуға көмектеседі. Лосьон құрамындағы қызыл балдырлар жасушалық деңгейде ылғалсызданумен күресуге көмектеседі, ал карнозиннің әрекеті ультракүлгін сәулеленуден болатын зақымдануды болдырмауға бағытталған.

Теріңізді күннен қорғап қана қоймай, сонымен қатар майлы жылтырдан арылғыңыз келсе, ARTISTRY SKIN NUTRITION™ SPF 30 сүзгісі бар лосьонын қолдануға болады. Оның құрылымы жеңіл, жылтырдан арылтқыш әсері бар, күні бойына майдың бөлінуін тұтастай азайтады, және теріні құрғатпайды, керісінше, оны 24 сағат бойы ылғалдандырады. Лосьон тесіктерді бітеп тастамайды, құрамында минералды майлар мен парабендер жоқ. Қалыпты, майлы, аралас және майлы тері түрлеріне ұсынылады.

Ерекше сезімтал теріге ARTISTRY™ IDEAL RADIANCE™ SPF 50 сүзгісімен бет терісіне арналған құрал қолайлы. Оның компоненттері ылғалдандыратын, нәрлендіретін және тегістейтін әсерге ие. 2 сағаттан кейін олар эпидермистің терең қабаттарына енеді, ал 24 сағаттан кейін жасушалардағы меланин деңгейі төмендейді. Құралды макияж үшін негіз ретінде пайдалануға болады.

Күннен үнемі қорғану теріңіздің өңін біркелкі сақтап қана қоймайды, сонымен қатар теріңізді үнемі нәрлендіреді және ылғалдандыра отырып, ерте қартаюдың алдын алуға көмектеседі.

*Өнімнің қолжетімділігі өзгеруі мүмкін. Көрсетілген өнім кескіндері олардың нақты көрінісінен айырмашылығы болуы мүмкін. Тауар туралы толық ақпаратты 8-800-070-55-08 телефоны арқылы немесе kz.amway.com сайтынан білуге болады.